HALAL EXPO-2024 форумының жеңімпаздары

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осымен төртінші рет өткізіліп отырған «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесі өз мәресіне жетті.

Көрме қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен халал мамандары «Үздік халал кәсіпорын», «Халал – халық таңдауы», «Үздік маман» аталымдары бойынша марапатталды.

Көрме тұтынушыларға отандық және халықаралық кәсіпорындардың қызметімен танысып, халал өнімдерін қолжетімді бағамен саудалауға мүмкіндік берді. Халал индустриясын дамытып, халықаралық байланыстарды нығайтып, түрлі өнімдердің тұсаукесеріне халықтың оң бағасын алған халықаралық көрме келесі жылы да жалғасын таппақ.

Компанияның басқа жаңалықтары